locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан құрамасының боксшыларын қолдады

Әлем чемпионы ұлттық командаға үн қатып, жаңа жеңістерге үміт артты
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан құрамасының боксшыларын қолдады
ФОТО: boxingkazakhstan инстаграм парақшасынан

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан ұлттық құраманың боксшыларына қолдау білдірді.

Өзінің Instagram парақшасында боксшы құрамаға сәттілік тілеп, жоғары нәтижелерге сенім білдірді:

«Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан боксшыларымызға сәттілік тілеймін. Қазақтың туы биікке көтерілсін», – деп жазды Әлімханұлы.

World Boxing ұйымы аясындағы дода бесінші күнін өткеріп жатыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан командасы екі жеңіліске ұшырады: 54 келі салмақта Элина Базарова 1/16 финалда өзбекстандық Нигина Уктамоваға төрешілердің бірауызды шешімімен жол берсе, 75 келі салмақта Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда украиналық Павел Илюшаға бөлек шешіммен есе жіберді.

Соған қарамастан, құрама жақсы нәтижелер көрсетуде. Турнир барысында Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева, Махмұд Сабырхан және Нұрбек Оралбай жеңіске жетіп, Қазақстанның әлем біріншілігінде жүлде алу мүмкіндігін сақтап қалды.

Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін жариялауға дайындалып жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie