locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жүлдеге бір қадам: Ертуған Зейнуллинов Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақ боксшысы француз қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, кемінде қола медальді қамтамасыз етті
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жүлдеге бір қадам: Ертуған Зейнуллинов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
ФОТО: ҚБФ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында ширек финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнуллинов Франция өкілі Юго Громен қолғап түйістірді. Жекпе-жек толықтай Ертуғанның басымдығымен өтіп, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді иеленуді қамтамасыз етті. Ал оның қарсыласы Юго Гро жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Зейнуллинов – жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, студенттер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы үш спортшысы – Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Елдана Тәліпова да өз жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie