Жеребе еш мейірім танытпады. IBA әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
Дубайда өтіп жатқан IBA дүниежүзілік чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін старттық жұптар түпкілікті анықталды. Жылдың ең күтулі турнирлерінің бірі саналатын бұл мұндай додада енді қай боксшының кіммен алғашқы айналымда кездесетіні белгілі болды. Алғашқы қадамнан-ақ тартыс пен интрига аз болмайын деп тұр.
Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары:
48 кг - Теміртас Жүсіпов
Тәжірибелі қазақстандық былғары қолғап шебері Гаурав Соланки (Үндістан) мен Али Нгвандо (Танзания) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
51 кг -Даниял Сабит
Турнирді Кения боксшысы Келвин Майнамен бастайды.
54 кг-Сәкен Бибосынов
Алғашқы қарсыласы - Катего Кеорапетсе (Ботсвана).
57 кг - Оразбек Асылқұлов
Жекпе-жегін Джозеф (Синт-Мартен) пен Санчеш да Силва (Кабо-Верде) арасындағы кездесудің жеңімпазымен бастайды.
60 кг - Серік Теміржанов
Тәжірибесі мол Эрдэнэбатын Цэндбаатармен (Моңғолия) жұдырықтасады.
63,5 кг - Ертуған Зейнуллинов
Алғашқы қарсыласы Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия) немесе Митч Ледерман (Аустралия) болады.
67 кг - Санатали Төлтаев
Жолына бірінші болып Джеральд Кабинда (Замбия) қарсы шығады.
71 кг - Абылайхан Жүсіпов
Альфино Саезар (Индонезия) – Арарат Арутюнян (Армения) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
75 кг - Сабыржан Аққалыков
Танзаниялық Касилилика мен Сейшелдік Кузен арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын күтеді.
81 кг - Ерасыл Жақпеков
Алғашқы кездесу - Эбенезер Зунграна (Буркина-Фасо).
86 кг - Дәулет Төлемісов
Бірден бразилиялық Рамон Батагелло Соузамен күш сынасады.
92 кг - Нұрмағамед Юсупов - Навруз Чавоевпен (Тәжікстан) жолығады.
92+ кг - Нұрлан Сапарбай
Ирандық Исмаиливандаеж бен IBA-Pro өкілі Раамезанпурделвар кездесуінің жеңімпазын күтіп тұр.
Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы күнгі жекпе-жектері 3 желтоқсанға белгіленген еді. Алайда бірқатар елдердің визалық кідірістеріне байланысты IBA техникалық кеңестің шешімімен бәсекелердің басталуын 4 желтоқсанға шегерді.