Жазира Орақбаева әлем кубогының жартылай финалына өтті
ФОТО: KFB
Бразилиядағы Фос-ду-Игуасу қаласында Әлем кубогының бірінші кезеңі жалғасуда. Бұл турнирді World Boxing халықаралық ұйымы ұйымдастырып отыр.
Әлем кубогының бірінші кезеңіндегі ширек финалдық кездесуде Жазира Орақбаева бразилиялық Каролина Алмейдамен қарсыласты. Қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті, судьялардың бағалауы бойынша нәтижелер келесідей болды: 28:29, 30:27, 28:29, 28:29 және 29:28.
Орақбаева осы жеңісінің арқасында жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Келесі кездесуде ол поляк боксшысы Наталья Кучевскаямен қолғап түйістіреді.
Қазақстандық боксшы Дархан Дүйсенбай жеңіліске ұшырады.