Жарқын жартылай финал: Бөрібаева Қазақстанға алғашқы жүлдені сыйлады
Жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Гүлназ Бөрібаева жартылай финалға шығып, ел қоржынына алғашқы медальді - кемінде қола жүлдені салды. Ол ширек финалда қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, сенімді жеңіске қол жеткізді.
1/4 финалдық кездесуде Гүлназ жапониялық Нон Госогавамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басталысымен-ақ отандасымыз басымдықты өз қолына алып, алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Жапон боксшысы қазақстандық спортшының қарқынына төтеп бере алмады. Екінші раундта Бөрібаева тағы бір нақты соққысымен екінші рет нокдаун жасады, осыдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Гүлназ Бөрібаева Азия чемпионатының жартылай финалына өтіп, ұлттық құраманың алғашқы жүлдегері атанды. Енді ол кемінде қола медаль иегері саналады, бірақ басты мақсат - финал мен алтын жүлде.