locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жапон боксындағы қайғы: чемпиондық жекпе-жек спортшының өлімімен аяқталды

Сигетоси Котари қаза тапты: жапон боксы қара жамылды
Жапон боксындағы қайғы: чемпиондық жекпе-жек спортшының өлімімен аяқталды
ФОТО: beinsports

Жапонияда 28 жастағы боксшы Сигетоси Котари өмірден өтті. Ол OPBF нұсқасы бойынша титулдық жекпе-жекте Ямато Хатамен кездескеннен кейін ауыр жарақат алған еді. 2 тамызда Токиода өткен айқас тең нәтижемен аяқталғанымен, бірнеше сағаттан соң спортшы ауыр ми-сауыт жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер шұғыл түрде субдуралдық гематоманы алып тастау отасын жасады. Алайда алты күн бойы есін жимаған Котари ауыр халден шыға алмай, көз жұмды.

Бұл қасіретті оқиға Жапония бокс комиссиясын ережелерді қайта қарауға мәжбүр етті – енді OPBF титулдық жекпе-жектері бұрынғыдай он екі раунд емес, он раундпен шектеледі.

Котари мансабында екінші жартылай жеңіл салмақта 12 жекпе-жек өткізіп, соның сегізінде жеңіске жеткен. Биыл бұған ұқсас жағдай Танзаниялық 29 жастағы Хассан Мгайямен де болған - ол нокауттан кейін үш күн өткен соң қайтыс болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie