locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жанқош Тұраров BoxRec әлемдік рейтингінде қайта оралып, үздік 20-лыққа енді

Қазақстандық жеңілмеген боксшы Алматыдағы жарқын жеңістен кейін бірінші жартылай орта салмақта 19-орынға көтерілді
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Жанқош Тұраров BoxRec әлемдік рейтингінде қайта оралып, үздік 20-лыққа енді
ФОТО: zhankoshturarov инстаграм парақшасынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 KO) ұзақ үзілістен кейін беделді BoxRec порталының жаңартылған рейтингінде қайта бой көрсетті.

5 қыркүйек күні Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Тұраров филиппиндік Али Канеганы (12-3-1, 8 KO) сенімді түрде ұтып, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Осы нәтижеден кейін Жанқош бірінші жартылай орта салмақтың әлемдік рейтингінде үздік жиырмалыққа кіріп, 19-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Тұраровтың алдыңғы жекпе-жегі 2023 жылдың желтоқсанында өткен еді. Сол кезде ол жапониялық тәжірибелі боксшы Акихиро Кондоны (37-13-3, 21 KO) да төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie