locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

World Boxing: Үш қазақстандық боксшы чемпион атанды

Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
World Boxing: Үш қазақстандық боксшы чемпион атанды
Фото: kfb.kz

Бокстан Бразилияда өткен алғашқы World Boxing Әлем кубогының кезеңі аяқталды

Аталған турнирде финалға шыққан үш қазақстандық боксшы да жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 қола медаль еншіледі.

Ерлер арасында финалға шыққан екі боксшымыз өзбекстандық боксшылармен кездесті. 55 келі салмақта Нұрсұлтан Алтынбек Миразизбек Мирзахалиловті 3:2 есебімен жеңді. 85 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов финалда Акмолжон Исроиловты ұтты.

Қыздар арасында Жазира Орақбаева жекпе-жексіз чемпион болды. Оның финалдағы қарсыласы италиялық Элен Лучия Аяри жекпе-жекке шықпады.

Қола жүлдегерлер:

  • 57 кг. Ұлжан Сәрсенбек
  • 80 кг. Диас Молжігітов
  • +90 кг. Даниял Сапарбай
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie