Виктория Графеева Thailand Open-2025 турнирінің финалына шығып, алтын үшін таласады
Бокс
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан беделді Thailand Open-2025 халықаралық турнирінің финалына жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық кездесуде ол филиппиндік Риза Пасьютпен жұдырықтасып, сенімді әрі шебер өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Финалда Виктория алтын медаль үшін Қытай спортшысы Ян Чэнъюмен кездеседі.
Айта кетейік, өткен жылы Графеева Азия чемпионы атанған болатын - бұл турнир де Таиландта өткен еді. Ал биылғы наурыз айында ол Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленді.