Видео. «Бұл - бокс емес, бизнес». Уайлдер Джошуа мен Джейк Пол жекпе-жегін өткір сынға алды
Ауыр салмақтағы бұрынғы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер Энтони Джошуа мен Джейк Пол арасындағы жылдың ең көп талқыланған жекпе-жектерінің біріне қатысты өз пікірін ашық білдірді. Америкалық боксшы сөзін жұмсартып жатпады және мұндай кездесулерге қалай қарайтынын тікелей айтты.
Уайлдердің айтуынша, бұл жекпе-жектерді ол ең алдымен коммерциялық жоба ретінде қабылдайды.
«Мен бұған қарапайым түрде қараймын - бұл көрме жекпе-жектері. Ақша табудың жақсы мүмкіндігі. Бұл - жеңіл ақша. Мұнда сен бар күшіңді салуға міндетті емессің. Барлығы көрерменді қызықтыру үшін жасалады. Бұл - сен үшін де тиімді мүмкіндік, әрі өміріңді қатерге тікпейсің. Бірақ қалай болғанда да, бұл - бокс. Осындай жекпе-жектер спортты кең аудиторияға танытады. Ал кәсіби боксшы үшін бұл - оңай табыс», - деді Уайлдер.
Осыдан кейін әңгіме табиғи түрде абсолютті әлем чемпионы Александр Усиктің болашағына ойысты. Бұл сұрақтан да Уайлдер жалтарған жоқ және үлкен сын-қатерлерге дайын екенін аңғартты.
«Мен бұл жекпе-жекті қуана қабылдаймын. Қазір оны өткізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Келіссөздер дәл қазір жүріп жатыр», - деп атап өтті америкалық боксшы Усикпен ықтимал кездесу жайлы сұраққа жауап бере отырып.
Айта кетейік, Джейк Пол мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 20 желтоқсанда өтеді. Тікелей трансляция шамамен Қазақстан уақытымен 06:00-де басталады деп жоспарланған.
Бұған дейін бұл тақырыпқа қатысты Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұқбатында Артур Бетербиев те пікір білдірген болатын.