locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Бивол - Бетербиев ревашындағы турнирде жоспарланған жекпе-жектердің бірі өтпейді

ВИДЕО. Бивол - Бетербиев ревашындағы турнирде жоспарланған жекпе-жектердің бірі өтпейді
ФОТО: Getty images

Америкалық боксшы Флойд Скофилд денсаулығына байланысты алдағы жекпе-жегінен бас тартуға мәжбүр болды. Ол жеңіл салмақтағы WBC белбеуінің иегері Шакур Стивенсонмен 22 ақпанда Эр-Риядта өтетін бокс кешінде кездесу өткізуі керек еді, алайда күтпеген жағдайға тап болды.

Спортшының әлеуметтік желісінде оның аурухана төсегінде жатқан бейнежазбасы пайда болды. Видеоны боксшының әкесі әрі жаттықтырушысы Флойд Скофилд аға жариялап, жанкүйерлеріне мән-жайды түсіндірді.

Осылайша, көптен күткен жекпе-жек кейінге шегеріліп, Стивенсонға жаңа қарсылас іздеу қажет болады.

Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты оқиғасы жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін өтетін жекпе-жек болмақ: рингте қазіргі әлем чемпионы Артур Бетербиев пен экс-чемпион Дмитрий Бивол күш сынасады. Турнирдің толық жекпе-жек кардын осы сілтеме арқылы көруге болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie