ВИДЕО. Александр Усиктің ұлы дзюдодан халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Бокс
17 нау 2025
06:37

Наурызбай Қанатұлы

Фото: gettyimages
Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Александр Усиктің ұлы халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды.
Белгілі спортшы біраз жыл бұрын өзінің ұлын дзюдоға берген болатын. Жасөспірімдер арасында сынға түскен Михайло Усик жартылай финалға дейін жетіп, жүлдегер атанды.
Испанияның Естепона қаласындасындағы дзюдо академиясында жаттығып жүрген ол жекпе-жек өнерінде жақсы қалыптасып келеді. Жарысқа арнайы келген Александр Усикке Испаниядағы украиналықтар да құрмет көрсеткен.
Естеріңізде болса, бұған дейін Усик дзюдоның ерекшелігін атап, ұлының боксшы болуына қарсы екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, бірінші ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол да екінші ұлын дзюдоға бергені мәлім болды.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек