Усик Фьюриді реваншта жеңді. Жекпе-жекке қысқаша бейнешолу
ФОТО: Getty images
Украиналық боксшы Александр Усик (23-0, 14 КО) британдық ауыр салмақ чемпионы Тайсон Фьюриді (34-2-1, 24 КО) реванш жекпе-жегінде жеңді.
Усик пен Фьюридің екінші кездесуі, алғашқы жекпе-жегі сияқты, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті. Жекпе-жек барлық он екі раундқа созылып, украиналық боксшының төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңісімен аяқталды — 116-112, 116-112, 116-112.
Осылайша, Александр Усик WBC, WBO, WBA және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атақтарын сәтті қорғады. Айта кетейік, бірінші кездесуде де Усик төрешілердің екіұдай шешімімен Фьюриден басым түскен болатын.
Сіздердің назарларыңызға Усик — Фьюри жекпе-жегінің бейнешолуын ұсынамыз.