locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өте мықты қарсылас»: Виктория Графеева әлем кубогы ширек финалындағы жеңісі туралы

Графееваның әсерлі жеңісі жайлы
«Өте мықты қарсылас»: Виктория Графеева әлем кубогы ширек финалындағы жеңісі туралы
ФОТО: KBF

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының ширек финалындағы жеңісі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл қарсылас расында да мықты. Тек физикалық тұрғыдан емес, рухы да биік екен. Ештеңеден қаймықпай, аяғына дейін күресті. Бірақ бұл турнирге ешкім жеңілу үшін келмейді. Әр айналым сайын бәсеке қыза түседі. Мұнда әлемнің әр елінен келген бірінші нөмірлі спортшылар жиналған. Біздің Әлем кубогы – алдағы әлем чемпионатына апарар алғашқы баспалдақ. Өте мықты турнир. Осындай додада елімнің намысын қорғауға мүмкіндік алғаныма шексіз қуаныштымын. Бүгінгі жекпе-жек мен үшін нағыз емтихан болды. Қарсыласым - тәжірибелі спортшы, Париж Олимпиадасының қатысушысы. Сол қызбен рингте шеберлік сынасып, Қазақстанда мықты қыздар бар екенін тағы дәлелдедім», – деді Виктория.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Виктория түркиялық Гизем Өзермен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен төрешілер шешімі арқылы жеңіске жетті. Бұл нәтиже Графееваның жарыс жартылай финалына жолдама алуына мүмкіндік берді. Енді ол финал жолдамасы үшін айқасады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie