Тайсон Альварес пен Кроуфорд жекпе-жегінен не күтеді?
Аңыз кімге жанкүйер?
Бокс
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images
Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон алда өтетін Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
Сұхбат барысында ол былай деп атап өтті:
«Мен Кроуфорд жеңсе екен деймін, бірақ бұл орындала қоймайтын сияқты. Қаласам да, Канелоның соққысы ауыр, өзі ақылды, қозғалысы да жақсы», — деді Темір Майк The Big Podcast подкастында.
Осылайша Тайсон Кроуфордқа қолдау білдірсе де, Альварестің қуатты соққысы мен тактикалық шеберлігі арқасында айқын фаворит екенін мойындады.
Бокстағы жылдың ең басты жекпе-жегі 14 қыркүйекте өтеді.
Бұған дейін Альварестің күшін Геннадий Головкин де жоғары бағалаған болатын.