locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

“Сондықтан ол жекпе-жекке шыққысы келмейді”. Менеджер Әлімханұлы мен Адаместің спаррингтері туралы айтты

Бокс
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
“Сондықтан ол жекпе-жекке шыққысы келмейді”. Менеджер Әлімханұлы мен Адаместің спаррингтері туралы айтты
ФОТО: Getty Images

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Берік Сұлтан оның WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен өткізген спаррингтері туралы айтты.

“Біз Карлоспен бес-алты рет спарринг өткіздік. Бұл спаррингтерде не болғанын біз де, Карлос та жақсы біледі. Сондықтан ол Жәнібекпен жекпе-жекке шыққысы келмейді. Бар мәселе осында. Егер ол өзіне сенімді мықты боксшы болса, неге Жәнібекпен айқасудан қашады?

Мексикалық бапкер Роберт Гарсияның залында камера бар, және бұл спаррингтердің видеосын одан сұрауға болады. Біз оларды көрсетуге дайынбыз. YouTube немесе Instagram-ға жүктеп, бәріне көрсетейік. Сонда бәрі не болғанын өз көзімен көреді”, – деді Сұлтан Seconds Out YouTube-арнасына берген сұқбатында.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Карлос Адамес 24 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 1 рет тең түсіп, 1 рет жеңілген.

Бұған дейін, Адамес өзін орта салмақтың ең үздік боксшысы деп мәлімдеген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie