Сәкен Бибосынов нокдаун арқылы әлем чемпионатында Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелді
28 жастағы қазақстандық Дубайдағы беделді жарыста үздік атанды
ФОТО: Аян Толеген / Дирекция развития спорта
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында (Дубай, БАӘ) финалдық жекпе-жегін өткізді.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинмен қолғап түйістірді.
Бұл тартысты кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Екінші раундта төреші Рогозинге нокдаун санады.
Нәтижесінде, Сәкен Бибосынов 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, ал Вячеслав Рогозин күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, бүгін финалдық айқастарда Қазақстан құрамасынан Оразбек Асылқұлов (57 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Сабыржан Аққалықов (75 кг) та алтынға таласады.