ВИДЕО. Үш нокдаун және мерзімінен бұрын жеңіс: Қызайбай әлем чемпионатын сенімді бастады
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінде жеңісті жолын бастады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалдық жекпе-жекте ол Словакия өкілі Николь Дуриковамен кездесіп, қарсыласын үш рет нокдаунға жібергеннен кейін техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл сенімді жеңіс Назым Кызайбайға ширек финалға жолдама алып келсе, Дурикова үшін әлем чемпионаты осы кезеңде аяқталды.
Айта кетейік, Кызайбай – екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016), 2021 жылғы Азия чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Ал оның қарсыласы Николь Дурикова жастар арасындағы Еуропа чемпионаттарында күміс және қола медаль иеленген.
Сондай-ақ оқыңыз: Жылдам жеңіс: Меденова әлем чемпионатында 90 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді