Санжар Тәшкенбайдан тосын сый бола ма? АҚШ-та аңызға айналған боксшының жетекшілігімен жаттығу өткізді
2023 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Санжар Тәшкенбай Америка Құрама Штаттарында жаңа жаттығу кезеңін бастады.
Ол өзінің Instagram парақшасында танымал америкалық бапкер Брайан Вилориямен бірге лапаға жұмыс істеп жатқан сәтінен бейнежазба жариялады.
«Жұмыс. Жекпе-жек. Қайталай беру. Тәжірибелі бапкермен жаттығу», – деп жазды Тәшкенбай бейнежазбаның астына, өзінің шынайы дайындығын білдіре отырып.
Еске сала кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұған дейін, 2022 жылы ол Амманда өткен Азия біріншілігінде алтын медаль иеленген. 2025 жылы Астанада ұйымдастырылған Әлем кубогында 50 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді.
Айта кету керек, Брайан Вилория - төрт беделді нұсқа (WBC, WBO, IBF, WBA) бойынша ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атағын иеленген бұрынғы кәсіпқой боксшы. Ол 1999 жылы АҚШ-та «Жылдың үздік боксшысы» атанған. Вилорияның бапкерлік тәжірибесі мен беделі Санжардың алдағы мансабында маңызды рөл атқаруы мүмкін.