Санжар Ташкенбай Қазақстанға бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды алып келді
Сенімді жеңіс
Бокс
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: OLYMPIC.KZ
Қазақстандық Санжар Ташкенбай Ливерпульде өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанып, 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
Финалда ол моңғолиялық боксшы Алдархишиг Баттулгоды сенімді түрде жеңді — алғашқы екі раундта төрешілердің есебі бойынша 5:0 Ташкенбайдың пайдасына. Қарсыласқа тек нокаутпен жеңу ғана қалған еді, алайда үшінші үш минуттықта Ташкенбай салқынқандылық танытып, басымдылығын сақтап қалды.
Санжар үшін бұл – әлем чемпионатындағы мансабындағы екінші жеңісі. Алғашқы рет ол 2023 жылы чемпион атанған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы биылғы турнирдегі алғашқы алтынын еншіледі. Бұған дейін финалда Назым Қызайбай жеңіліп, күміс медальға ие болған еді.