locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сағындық Тоғамбай Астанада боксан өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық спортшы Әлем кубогының кезеңіндегі үшінші күнді жеңіспен аяқтады.
Сағындық Тоғамбай Астанада өтіп жатқан бокс бойынша Әлем кубогының жартылай финалына шықты.
ФОТО: Оlympic.kz

Қазақстандық боксшы Сағындық Тоғымбай Астанада өтіп жатқан Бокс бойынша Әлем кубогының жартылай финалына шықты.

90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Тоғымбай америкалық Малачи Джорджеспен кездескен болатын.

Бірінші раунд қарсыластың пайдасына шешілді (3:2). Алайда келесі екі раундта басымдық Тоғымбайда болды. Екінші раундта Сағындық айқын басымдықпен жеңіске жетті — 5:0. Шешуші раундта да толық үстемдік танытып, тағы да 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Тоғымбай жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Бокс бойынша Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтуде. 2 шілде күні Санжар Тәшкенбай, Виктория Графеева, Әлия Әбікеева, Алуа Балқыбекова және Ертуған Зейноллинов жеңіске жетті. Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай (48 кг) ширек финалдағы жекпе-жегінде жеңіп, өзіне медальді қамтамасыз етті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie