РЕСМИ: Бетербиев Бивол арасынадғы екінші кездесу күні жарияланды
Сауд Арабиясының Бас ойын-сауық басқармасының басшысы Турки әл-Шейх ресейлік боксшылар Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы реванш жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады. Бұл кездесу 22 ақпанда Эр-Рияд қаласында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, олардың алғашқы жекпе-жегі 12 қазанда Эр-Риядта өткен еді. Сол кеште Бетербиев төрешілердің шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) жеңіске жетті.
Артур Бетербиев өз мансабында әлі жеңіліп көрген жоқ, жалпы 21 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Алайда бұл жолы ол алғаш рет қарсыласын нокаутқа жібермеді. Ал Дмитрий Бивол үшін бұл мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін ол 23 жекпе-жекте жеңіске жетіп, соның 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған еді.
Қазақстандық Қанат Өзбекбаев екі жылдық үзілістен кейін рингке оралды.