Құрамнан кімді алып тастады? Қазақстан әлем чемпионатына аттанатын сенсациялық құрамын жариялады
Қазақстан ұлттық құрамасы 3–13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың толық тізімін ресми түрде бекітті. Биылғы дода IBA тарихындағы ең ауқымды әрі ең қымбат турнир болмақ - жүлде қоры рекордтық 8,3 миллион долларды құрайды.
Бұл жолы Қазақстан бапкерлер штабы жаңарған, бәсекеге қабілетті, әр салмақта жүлдеге таласа алатын мықты құрам жасақтады:
• 48 кг – Теміртас Жүсіпов
• 51 кг – Даниял Сабит
• 54 кг – Сәкен Бибосынов
• 57 кг – Оразбек Асылқұлов
• 60 кг – Серік Теміржанов
• 63,5 кг – Ертуған Зейноллинов
• 67 кг – Санатәлі Төлтаев
• 71 кг – Абылайхан Жүсіпов
• 75 кг – Сабыржан Аққалықов
• 81 кг – Ерасыл Жақпеков
• 86 кг – Дәулет Төлемісов
• 92 кг – Нұрмағамед Юсупов
• +92 кг – Нұрлан Сапарбай
Айта кетейік, бұған дейін IBA әлем чемпионатына әлем чемпионы Айбек Оралбай мен Олимпиада күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай қатысады деп хабарланған еді. Алайда жарияланған соңғы тізімде олардың есімдері көрсетілмеді.