Райан Гарсия рингке қайтады: жаңа жекпе-жек 2025 жылдың мамырында
Турки Аль аш-Шейх Райан Гарсияның жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Танымал америкалық боксшының келесі жекпе-жегі 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған. Бұл кездесу Гарсия үшін экс-чемпион Девин Хейнимен өтетін реваншқа апарар маңызды кезең болмақ.
Бұған дейін Райан Гарсия Хейнимен өткен кездесуден кейін уақытша бокстан шеттетілген еді. Гарсия жеңіске жеткенімен, жекпе-жек нәтижесіз деп танылып, Хейни жеңіліссіз спорттық рекордын сақтап қалды. Ал Гарсия дисквалификация алып, айыппұл төледі.
Енді “Король Райан” спортқа қайта оралмақ. Бірақ Хейнимен қайта жолықпас бұрын, ол 29 жастағы Роландо Ромеромен кездеседі. Ромеродың қоржынында 16 жеңіс бар, сондай-ақ ол WBA титулының бұрынғы иегері.
Турки Аль аш-Шейхтің айтуынша, Гарсия мен Ромеродың жекпе-жегінің нақты күні кейінірек жарияланады, бірақ оның 2025 жылдың мамыр айында өтетіні белгілі.
Канело мен Кроуфорд қай салмақта жұдырықтасатыны белгілі болды