locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Пол мен Джошуа арасындағы жекпе-жек рингінің көлемі әдеттегіден сәл үлкен болады

Жекпе-жек 20 желтоқсанға қараған түні Майамиде өтеді
Пол мен Джошуа арасындағы жекпе-жек рингінің көлемі әдеттегіден сәл үлкен болады
ФОТО: Getty Images

Джейк Пол мен Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек 20 желтоқсанға қараған түні өтеді.

The Ring басылымының хабарлауынша, бұл кездесу үшін рингтің көлемі әдеттегіден сәл үлкен болады.

Бұл айқас, сондай-ақ кештің басқа жекпе-жектері 22 на 22 футтық рингте өтеді. Ал бокс рингі үшін стандартты өлшем — 20 на 20 фут.

«Бұл нақты ақпарат. Бұл әдеттегі стандарт. Менің ойымша, рингтердің өлшемі 20-дан 24 футқа дейін өзгеріп отырады. Сондықтан 22 фут маған әбден қолайлы», — деп түсіндірді Пол жағдайды.

Соңғы жылдары дәл осындай — 22 на 22 футтық рингте өткен ірі айқастардың бірі төрт жыл бұрын болды. Онда Канело Альварес Даллас қаласындағы орта салмақтағы WBA, WBC және WBO белбеулері үшін өткен біріктіру жекпе-жегінде Билли Джо Сондерсті тоқтатқан еді.

Осы арада қарсыластар көзбе-көз кездесудің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie