locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оскар Де Ла Хойя Райан Гарсияға бір жылға демалыс алуға кеңес берді

Golden Boy басшысы боксшыға денсаулығын қалпына келтіріп, өмірін қайта бағалауға шақырды
Оскар Де Ла Хойя Райан Гарсияға бір жылға демалыс алуға кеңес берді
ФОТО: Getty Images

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы, әйгілі боксшы Оскар Де Ла Хойя Райан Гарсияға мансабын уақытша тоқтатуға кеңес берд. Оның пікірінше, Гарсияға жарақаттардан толық айығу үшін және жеке өміріндегі жағдайды реттеу мақсатында бір жылға үзіліс қажет.

«Оған жаңа ғана ота жасалды. Енді иығын тексермекші. Мен Райанға бір жылға демалыс алып, ойын жинақтап, тыныштықта өмірін тәртіпке келтіруді ұсынар едім. Ол ештеңе жоғалтпайды. Қазір ол жарақаттардан зардап шегуде, бірақ одан да маңыздысы – өмірін реттеу. Мен де мұндай сәттерден өттім. Оның дәл қазір біреуге бірдеңе дәлелдегісі келетінін білем. Бірақ қазір ең бастысы – демалу, шегініс жасап, ойлану. Бұл менің пікірім. Үміттенем, ол мені тыңдайды», – деді Де Ла Хойя The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2025 жылдың мамырында Нью-Йоркте Гарсия мен Роландо Ромеро WBA тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу он екі раундқа созылып, төрешілер шешімімен Ромеро жеңіске жетті.

Паркер Усик пен Дюбуа арасындағы реванштың нәтижесін болжады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie