locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оны аяусыз құлатамын». Жәнібек Әлімханұлы Лараны нокаутқа жіберуге уәде берді

Жәнібек Әлімханұлы Лараны нокаутқа түсіремін уәде берді
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Оны аяусыз құлатамын». Жәнібек Әлімханұлы Лараны нокаутқа жіберуге уәде берді
ФОТО: Getty images

Орта салмақтағы тарихи біріктіру жекпе-жегіне дайындалып жатқан Жәнібек Әлімханұлы рингке чемпиондық сеніммен шығуға бекінді. WBO және IBF белбеулерінің иесі алдағы қарсыласы – WBA чемпионы Эрисланди Лара туралы ашық пікір білдірді. Айтылған сөздерінен-ақ қазақстандық боксшының мақсаты – жай ғана жеңіс емес, айқасты айқын әрі ерте аяқтау екені аңғарылды.

Жәнібек Лараның «оның қарсыластары деңгейсіз болды» деген сөзіне күле отырып жауап берді.

«Ол менің әлі өз деңгейіндегі боксшылармен кездеспедім дейді. Ал өзі ше? Ол да менің деңгейімдегі боксшымен рингке шыққан жоқ. Мен жыл нокаутын жасағым келеді», - деді Әлімханұлы.

Бұл жекпе-жек Жәнібек мансабындағы шешуші белес болмақ. Жеңімпаз бірден үш чемпиондық белбеуді иеленіп, дивизионда сөзсіз көшбасшыға айналады.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы рет 5 сәуірде Астанада жұдырықтасқан еді. Сол кеште ол Анауэль Нгамессенгені айқын нокаутпен тоқтатып, чемпиондық атақтарын сәтті қорғады.

Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегі 7 желтоқсанда Сан-Антониодағы Frost Bank Center аренасында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie