Нұрқанат Райыс Қазақстан чемпионатының финалына жолдама алды
ФОТО: KBF
Атыраулық боксшы, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Абай облысының спортшысы Мақсат Өтегеновтен басым түсті.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің басым дауыспен (5:1) жеңісті Нұрқанат Райысқа берді.
Нұрқанат Райыс — 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 және 2023 жылдары өткен әлем чемпионаттарының қатысушысы. Сондай-ақ 2023 жылы Астанада өткен халықаралық “Елорда кубогы” бокс турнирінің жеңімпазы атанды.