locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Наталья Богданова — Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионы!

Қазақстандық спортшы 2025 жылғы әлем чемпионатында алтыншы алтын медальді ел қоржынына салды
ФОТО: Оlympic.kz

Наталья Богданова Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстанға кезекті алтын медаль сыйлады.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Богданова австралиялық Лекеиша Перголитиден айқын басым түсті.

Енді Қазақстан құрамасының қоржынында осы әлем чемпионатында бес алтын медаль бар. Әйелдер құрамасында екі алтын, ерлер құрамасында да екі алтын. Бұған дейін бірінші алтын медальді жеңіп алған Санжар Тәшкенбай (50 кг дейінгі салмақта). Одан кейін әлем чемпионы атағын ресми түрде иеленген Махмуд Сабырхан, финалда 55 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті, ал оның бауыры Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта алтынды олжалады. Бұдан соң, Алуа Балкибекова Түркиялық қарсыласы Бусиназ Чакыроглуды 5:0 есебімен жеңіп шығып, өз салмағында үздік атанды. Одан кейін, әйелдер арасында 65 келіге дейінгі салмақта Айда Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Назым Қызайбай (48 кг дейінгі санатта) турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie