locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мінсіз серия үзілді: қазақстандық боксшы Канело – Кроуфорд андеркардында жеңіліс тапты

Иван Дычко кәсіби рингте алғаш рет жеңіліс тапты
Мінсіз серия үзілді: қазақстандық боксшы Канело – Кроуфорд андеркардында жеңіліс тапты
ФОТО: Getty images

Лас-Вегаста өткен бокс кешінде, басты жекпе-жек Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд айқасына арналса, қазақстандық суперауыр салмақ өкілі Иван Дычко да шаршы алаңға шықты.

35 жастағы боксшы үшін бұл айрықша сын болды. Қарсыласы – мықты тәжірибесі бар америкалық Джермейн Франклин қазақстандықтың мінсіз жеңісті сериясын тоқтатқан алғашқы спортшы атанды.

Он раундқа созылған жекпе-жек тартысты өтті. Дычко өз қарқынын өткізуге және шешуші соққыны іздеуге тырысқанымен, қарсыласы қорғаныста сауатты қимылдап, маңызды сәттерде бірінші нөмірмен жұмыс істеді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Франклинге берді.

Осылайша, Иван Дычко 2017 жылдан бері жалғасқан кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс көрді. Бұған дейін ол 15 кездесу өткізіп, соның 14-ін нокаутпен аяқтаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie