Миллионға апаратын жол: Жеңісов пен Ковригин Эр-Риядтағы WBC Гран-приінде дебют жасады


Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Жолдас Жеңісов (7-0, 3 KO) пен Александр Ковригин (8-0, 6 KO) Сауд Арабиясында өтетін беделді WBC Гран-при турнирінде өз жорығын бастайды. Алғашқы жекпе-жектер 17 сәуір күні Эр-Рияд қаласында өтпек.
1/16 финал кезеңінде Женисов жеңіліп көрмеген испандық Эльязид Эззайданимен (6-0, 4 KO) қолғап түйістіреді. Ал Ковригиннің қарсыласы - АҚШ өкілі Трой Нэш (3-0, 1 KO). Бұл кезеңдегі жекпе-жектер алты раундқа жоспарланған. Турнирлік формат бойынша келесі айналымдарда раунд саны сегізге, ал жартылай финал мен финалда онға дейін ұлғаяды.
Жүлде қоры да назар аударарлық: жеңімпаздарға - 15 мың доллар, жеңілгендерге - 7 500 доллар беріледі. Әр кезең сайын сыйақы мөлшері артып отырады. Финалдың басты сыйлығы - 1 миллион доллар.
Combat Sports Law сайтының хабарлауынша, UFC-ді иеленетін TKO Group компаниясы Турки әл аш-Шейхпен бірлесіп, жаңа кәсіби бокс лигасын құруды және аты аңызға айналған Мохаммед Али заңына өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

Футбол
Бүгін 06:03
