Мәңгі бақталастық: Бангкок төрінде Қазақстан мен Өзбекстан қанша алтынды сарапқа салады?
Тайланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан World Boxing нұсқасындағы Азия жастар чемпионатының финалдық кезеңі екі ел арасындағы нағыз бәсекеге айналмақ. Бірден 11 шешуші жекпе-жекте қазақстандық және өзбекстандық боксшылар шаршы алаңға шығады.
10 тамыз (19 жасқа дейінгі спортшылар)
• Бейбарыс Әшірбай — Абдулазиз Журакулов
• Тимур Тайбеков — Норбек Абдуллаев
• Нұрсұлтан Қыстаубай — Самир Собиров
11 тамыз (22 жасқа дейінгі спортшылар)
• Гүлназ Бөрібаева — Робияхон Бахтиерова
• Бақыт Сейдіш — Ойша Тоирова
• Нұрислам Қалдыбаев — Шохрух Абдумаликов
• Илья Калинин — Саят Ильясов
• Нұрбек Мурсал — Мұхаммад Азизбек Исмоилов
• Санжаралы Бегалиев — Рахматулло Бойматов
• Темірлан Мұқатаев — Шахзод Полвонов
Барлығы 16 қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Дәл осы жекпе-жектер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басты текетірестің кімнің пайдасына шешілетінін анықтайды. Финалдық кезеңнің толық кестесі мына сілтемеде көрсетілген.