locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мені өзімнің адамдарым сатуға тырысты». Қазақстанның ең сұлу боксшысы Каирдегі жекпе-жектің әсерлі астарын ашты

Ангелина Лукас Каирдегі даулы жекпе-жектің күтпеген астарын ашты
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Мені өзімнің адамдарым сатуға тырысты». Қазақстанның ең сұлу боксшысы Каирдегі жекпе-жектің әсерлі астарын ашты
ФОТО: IG Ангелина

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жегінің көлеңкелі тұстары туралы алғаш рет егжей-тегжейлі баяндады. Бұл кездесу кейіннен оның қарсыласы, америкалық Катрин Ренни допинг-тесттен өте алмаған соң No Contest деп танылған еді. Алайда Лукас айтуынша, сол кештің дауы тек допингпен шектелмейді.

Ангелинаның сөзінше, жекпе-жектің нәтижесіне ықпал етуге бағытталған әрекеттер қарсылас тарапынан ғана емес, басқа жақтан да болған. Ең тосын әрі ауыр соққы - боксшының айтуынша, белгілі бір қысым Қазақстан тарапынан да көрсетілген.

Ол мұндай ақпаратты жекпе-жектен кейін ғана білгенін, бұл жаңалық өзіне қатты әсер еткенін жасырмады.

«Қазақстаннан 5–6 адам ұйымдастырушыларға да, тіпті менің қарсыласыма да шыққанын маған кейінірек айтты. Ақша ұсынып, қалай жұдырықтасу керегін, қандай комбинациялар қолдану қажеттігін айтып отырған. Солардың ішінде жаттықтырушы Азабек Мусаханов та болыпты - ол қарсыласымның өзіне жазып, мені қалай жеңуге болатынын түсіндірген», - дейді Лукас.

Ангелина өзін ең қатты жаралаған нәрсе - ықпал етуге талпыныстың бар болғаны емес, оның өз отандастары тарапынан жасалғаны екенін атап өтті.

Айта кетейік, қарсыласының допинг-тест нәтижесі оң шыққан соң, Каирдегі жекпе-жектің қорытындысы ресми түрде күшін жойған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie