locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен боксқа деген сенімді қайтарамын». Головкин сайлау алдында жарқын мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин сайлау алдында әсерлі үндеу жасады
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Мен боксқа деген сенімді қайтарамын». Головкин сайлау алдында жарқын мәлімдеме жасады
ФОТО: olympic.kz

Әлемдік бокстың даңқты тұлғасы Геннадий Головкин World Boxing конгресінің мінберіне шығып, өзінің спорттық мансабындағы ең салмақты, ең әсерлі сөздерінің бірін айтты. Бұл жолы ол жай ғана чемпион емес, халықаралық федерацияны дағдарыстан алып шығуға дайын көшбасшы ретінде сөйледі.

Өз сөзінде GGG бокс жолын бастан-аяқ жүріп өткенін еске салды - Олимпиада ойындарынан бастап әлем чемпиондық белбеулеріне дейін. Енді осы тәжірибесін спорттың болашағын қорғау үшін пайдаланғысы келетінін атап өтті.

«Мен Олимпиадаға қатыстым, әлем чемпионы атандым, боксты барлық қырынан көрдім. Қазір мен спорттық көшбасшы рөлінде жұмыс істеп келемін.
Мен бұл жерге маңызды мақсатпен келдім - бокстың болашағы үшін. Дұрыс басқару спортшыларды да, осы спорттың өзін де қорғай алатынын жақсы білемін», - деді Головкин.

Сонымен қатар ол халықаралық бокстың бүгінде сенім дағдарысын бастан кешіп отырғанын және осы сенімді қалпына келтіру жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын екенін жеткізді.

«Сіздердің қолдауларыңызбен әлемдік боксқа деген сенімді қалпына келтіру үшін барымды саламын. Біз ҰОҚ-тың толық мойындауына қол жеткізіп, боксшылардың Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына ғана емес, келесі барлық Олимпиадаларға қатысуын қамтамасыз етеміз».

Айта кетейік, конгресс қорытындысы бойынша Геннадий Головкин World Boxing ұйымының жаңа президенті болып сайланады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie