«Мен басымды төмен түсірмеймін». Айдос Тастаев Асадхужа Муйдинхужаевтан жеңілуі туралы пікір білдірді
Қазақстандық боксшы Айдос Тастаев өзбекстандық олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевтан жеңілгенінен кейін пікір білдірді.
Челябіде өткен бокс кешінің аясында өткен жекпе-жек Муйдинхужаевтың екінші раундта техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
«Ассалаумағалейкүм баршаңызға! Әлеуметтік желілерде менің Асадхужамен болған жекпе-жегім қызу талқыланып жатыр.
Негізі, бұл жекпе-жекке ұсыныс түскенде, кездесуге бір апта ғана қалған еді. Бастапқыда қарсыласымның кім болатынын білмедім. Челябі қаласына келгенде ғана, жекпе-жекке бір күн қалғанда, қарсыласымның Асадхужа болатынын білдім. Мен ойланбадым. Бір келген соң, таңдауым болмады, оның үстіне мен ешқашан қарсыластарымды алдын ала таңдамаймын!»
Сонымен қатар қазақстандық спортшы мынадай сөздер қосты:
«Мен жеңілдім. Бірақ басымды төмен түсірмеймін. Олимпиада чемпионымен алғаш рет рингке шықтым. Бұл мен үшін тағы бір тәжірибе», — деп жазды Тастаев Instagram-да.