Медаль үшін тартыс: Айбек Оралбай Кубок финалының ширек финалында италиялық Лензиға қарсы шығады
Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының ширек финалында кіммен кездесетінін білді.
Салмағы 90 келіден асатын ауыр салмақтағы жартылай финалға жолдама, яғни кем дегенде қола медаль сарапқа салынатын жекпе-жекте Оралбай италиялық Диего Лензиға қарсы рингке шығады.
Екі спортшы да 1/8 финал кезеңінен сенімді түрде өтті. Айбек Оралбай доминикандық Хосе Агустин Трисетті айқын басымдықпен жеңіп шықты. Қазылар шешімі бірауыздан қазақстандық боксшының пайдасына шықты, ал екінші және үшінші раундтарда төреші қарсыласына екі мәрте нокдаун санады.
Диего Лензи де айқын жеңіске жетті - ол бразилиялық Жоэл Рамос да Силваны екінші раундта нокаутқа түсіріп, ширек финалға жолдама алды.
Алдағы жекпе-жекте қос боксшының бірі кем дегенде қола жүлдеге ие болмақ.