locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мұңаймаймыз». Алуа Балқыбекова Әлем кубогының финалынан кейін пікір білдірді

Балқыбекова Әлем Кубогының күміс жүлдесі туралы
«Мұңаймаймыз». Алуа Балқыбекова Әлем кубогының финалынан кейін пікір білдірді
«Мұңаймаймыз». Алуа Балқыбекова Әлем кубогының финалынан кейін пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Астанада өткен World Boxing нұсқасындағы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.

51 келіге дейінгі салмақта финалға шыққан ол фин финляндиялық Пихла Кайво-Оямен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңісті қарсыласына берді.

Жекпе-жектен кейін Балқыбекова бұл жарысты басты мақсат - әлем чемпионатына дайындық кезеңі деп бағалап, жеңілістен сабақ алу қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Аллаға шүкір, көптен күткен жекпе-жегіміз аяқталды. Екінші орын иегері атандым, сансыз шүкір. Фин қыз өте мықты болды. Бұл жарысқа біз негізінен алдағы әлем чемпионатына дайындық ретінде қатыстық. Енді осы жекпе-жектен кейін кеткен қателіктерімізді саралап, олармен жұмыс істейміз», - деді ол.

Алуа сонымен қатар жарыстың ерекшелігі ретінде жаңа салмақ категориясында өнер көрсеткенін атап өтті:

«Бұған дейін 50 келіде жұдырықтасып жүрсем, бұл турнирде 51 келіге ауыстық. Сондықтан техникалық жағынан да, физикалық тұрғыдан да әлі де шыңдалуымыз керек. Басты мақсат - алдағы әлем чемпионатына өте жоғары деңгейде дайындалып бару. Жоспарларымыз көп. Барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Өз елімде, өз жанкүйерлерімнің алдында жеңіске жете алмағаным өкінішті, бірақ мұңаймаймыз. - әрі қарай жұмыс жасай береміз».

Еске салайық, Алуа Балқыбекова - қазіргі әлем чемпионы. Ол бұған дейін екі рет әлем біріншілігінің жүлдегері атанған (күміс — 2022, қола — 2023), сондай-ақ 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie