Майк Тайсон реваншта Фьюриді қолдады: "Ол менің атымды алып жүр, мен оның жанкүйерімін"
Бокс
Кеше 22:41
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Ауыр салмақтағы әйгілі бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы реваншқа қатысты пікір білдірді. Тайсон Усикті қазіргі таңда үздік ауыр салмақ боксшысы деп мойындаса да, Фьюриге жанкүйер болатынын айтты:
"Усик – әлемдегі ең мықты ауыр салмақ боксшысы. Бірақ мен Фьюриге жанкүйермін, оның жеңгенін қалаймын. Себебі, оның әкесі оған менің атымды қойған. Мен оны қолдауды тоқтатпаймын," – деп talkSPORT порталына мәлімдеді.
Реванш 22 желтоқсанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Алғашқы жекпе-жекте, 18 мамырда, Усик төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 03:17
Хоккей
Бүгін 02:55
Футбол
Бүгін 01:02