locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлімханұлына Канело мен Кроуфордтың бокс кешінде жекпе-жекке шығу ұсынылды

Жәнібек Әлімханұлы андеркардта біріккен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Әлімханұлына Канело мен Кроуфордтың бокс кешінде жекпе-жекке шығу ұсынылды
ФОТО: Getty Images

Бокстың ірі инвесторы Турки әл аш-Шейх Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы жекпе-жектің өтетінін ресми түрде жариялады. Бұл айқас 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Netflix платформасында көрсетіледі.

Турки бұл кездесуді «бокстағы ең үлкен жекпе-жек» деп атап, андеркардты құруға кірісетінін мәлімдеді. Ол бұл кешке қатысқысы келетіндермен ашық сөйлесуге дайын екенін айтты.

ESPN журналисі Сальвадор Родригес орта салмақта IBF/WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. «Біз «Қазақ стилі» мен «Бронко» арасындағы айқасты көргіміз келеді», — деп жазды ол.

Адамес те бұл ұсынысқа қызығушылық білдіріп, X әлеуметтік желісінде: «Канело мен Кроуфорд кешіндегі ең керемет ко-мейн ивент қандай болмақ?» — деп жазды.

Аталған кештің промоутері UFC президенті Дана Уайт болады. Ол соңғы уақытта кәсіпқой бокс нарығында белсенді әрекет етуде.

Видео. Кроуфорд пен Канело алғашқы көзқарас дуэлін өткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie