locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлімханұлы командасы топ-боксормен жекпе-жек туралы келіссөздерді бастады

Бокс
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
Әлімханұлы командасы топ-боксормен жекпе-жек туралы келіссөздерді бастады
ФОТО: Getty Images

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеске қарсы өткізуі мүмкін.

Ringside24 сайтының хабарлауынша, қос боксшының өкілдері жекпе-жек жайлы келіссөздерді бастап кетті. Бұл айқас АҚШ-та Premier Boxing Champions турнирінде өтуі ықтимал.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде конголездік боксшы Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген болатын. Ал Адамес өзінің соңғы жекпе-жегінде жеңіске жете алмады – ол британдық Хамза Ширазбен тең түсті.

Айта кетейік, Адамес Жәнібекпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы қатты мәлімдеме жасап үлгерді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie