Әли Ахмедов — Мацей Сулецки. Онлайн көру. LIVE көрсетілім
Бүгін, 28 ақпанда, Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді, оның басты оқиғасы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-1, 17 КО) мен польшалық Мацей Сулецки (32-3, 12 КО) арасындағы айқас болмақ. 12 раундтық жекпе-жектің жеңімпазы WBC Silver суперорта салмағындағы ваканттық чемпиондық белбеуді иеленеді.
Алғашында бұл бокс кешінде Данияр Елеусинов (12-0, 7 КО) өнер көрсетуі тиіс еді, алайда ол денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Сонымен қатар, қазақстандық Куат Хамитов пен ресейлік Марип Пираев арасындағы кездесу де белгісіз себептермен тағы да өтпейтін болды.
- Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бұл жекпе-жек Али Ахмедов үшін өте маңызды сын болады. Егер ол Сулецкиді жеңсе, чемпиондық титул үшін айқасуға жақындай түседі. Тікелей көрсетілім Астана уақытымен 19:00-де басталады және “Qazsport” арнасынан көрсетіледі.