locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Лайықты қарсылық көрсете алады». Еділов Жәнібек пен Канелоның мүмкін жекпе-жегі жайлы

Еділов Жәнібектің мүмкіндігін жоғары бағалады
«Лайықты қарсылық көрсете алады». Еділов Жәнібек пен Канелоның мүмкін жекпе-жегі жайлы
ФОТО: Getty images

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен мексикалық аңыз боксшы Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, Жәнібек - ерекше дарын иесі, әрі ол өз деңгейімен Канеломен тең дәрежеде бәсекелесе алатын боксшы.

«Канело — ешқашан жеңіл-желпі қарсылас болған емес. Жәнібек менің жетекшілігіммен 2012 жылы-ақ Қазақстан чемпионы атанды. Ол — шын мәніндегі суперталант. Әлімханұлын Головкинмен салыстыруға болады, дегенмен олардың бір айырмашылығы - Геннадийдің шыдамдылығы мен физикалық төзімділігі біршама жоғары», — деді Еділов Sportnews.kz порталына берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол Канелоға қарсы айқастың тағдырын Жәнібектің физикалық дайындық деңгейі шешуі мүмкін екенін де атап өтті.

«Егер Жәнібек барлық 12 раундқа шыдап берсе, ол «Канелоға» лайықты қарсылық көрсете алады. Ол қарсыласын сескендіре алатын мықты техникалық арсеналға ие».

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта чемпион атағын иеленіп отыр. Боксшы суперорта салмаққа (168 фунт) көшуге дайын екенін ашық мәлімдеген. Бұл - Канеломен жекпе-жек өткізу үшін қажетті шарттардың бірі.

Алайда бұл кездесудің жақын арада өтуі екіталай. Себебі Сауль Альварес 2025 жылдың мамырында Уильям Скаллды жеңгеннен кейін, қыркүйекте Теренс Кроуфордпен келісілген жекпе-жегін өткізуі тиіс. Осыған байланысты Жәнібек – Канело жекпе-жегін әлі де күтуге тура келуі мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie