locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Кроуфорды еш қиналмай тоқтатамын». Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпионына батыл шақыру жолдады

Жәнібек Әлімханұлы Терренс Кроуфордпен айқас туралы ойын ашық айтты
Бокс
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Кроуфорды еш қиналмай тоқтатамын». Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпионына батыл шақыру жолдады
ФОТО: Getty images

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтың әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мансабындағы ең маңызды кездесулердің бірі қарсаңында бұрынғыдан да қарқынды дайындалып жатыр. 7 желтоқсанда ол кубалық Эрисланди Ларамен WBA белбеуі үшін өтетін біріктіру жекпе-жегіне шығады. Алайда «Қазақ Стилі» тек осы кездесумен шектелмей, әлемдік бокс қауымын дүр сілкіндіретін айқас туралы ашық мәлімдеді.

Жәнібек Лараны жеңгеннен кейін салмақ дәрежесі жоғарыдағы абсолютті чемпион - Терренс Кроуфордпен (42–0, 31 KO) жұдырықтасуды қалайтынын айтты.

Журналист оның Кроуфордты тоқтата алатынына сенесіз бе деп сұрағанда, қазақ чемпионы еш кідірместен:

«Иә, оңай», - деп жауап берді.

Айта кетейік, соңғы апталарда Әлімханұлының аты әлемдік бокс басылымдарында жиі аталып жүр. Boxingscene порталы оны қазіргі заманның ең «қауіпті» он боксшысының қатарына қосты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie