locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кроуфорд Сауль Альвареспен жекпе-жек үшін 10 млн доллар алады

Америкалық боксшы үшінші салмақта да абсолютті чемпион атанғысы келеді
Кроуфорд Сауль Альвареспен жекпе-жек үшін 10 млн доллар алады
ФОТО: Getty Images

Екі салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жек үшін алатын қаламақысын жариялады. Теренстің айтуынша, 14 қыркүйекке жоспарланған бұл жекпе-жек үшін ол 10 миллион доллар табыс табады.

«Мен 10 миллион доллар аламын. Бұл жалған деп ойлайсыз ба? Менің өтірік айтып тұрғанымды қайдан білесіз? Бұл жекпе-жек мен үшін мұра жағынан өте маңызды. Ақшадан да маңызды. Үшінші салмақта да абсолютті чемпион атанамын. Бұл – жақын», – деді Кроуфорд Sportskeeda порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Кроуфорд соңғы кездесуін 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық Исраил Мадримовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Ал Сауль Альварес биыл мамырда кубалық Уильям Скуллдан басым түсіп, чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді: Қазақстан мен Өзбекстан боксшілері рингте жолығады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie