Крис Юбенк тағы да Головкинге үн қатты: британиялық боксшы аңызбен айқасуды қалайды
Англиялық боксшы Крис Юбенк-кіші әлемдік аренадағы амбициясын жасырмай айтты. 36 жастағы спортшының айтуынша, ол екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион Терренс Кроуфордпен де, мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареспен де, қазақстандық аңыз Геннадий Головкинмен де жұдырықтасуға дайын.
Юбенк өзінің ең үлкен мақсаттарының бірі – әлемнің мықтыларымен рингке шығу екенін атап өтті.
«Мен үшін мүмкін еместің бәрі мүмкін. Үлкен айқастарды қалаймын - Кроуфорд, Канело, Головкин. Бұл есімдер әлемдік бокстың шыңында тұр, ал мен солармен күш сынасқым келеді», – деді ол.
Айта кетейік, бұл жолы ғана емес, бұған дейін де Юбенк Головкинді рингке шақырған еді.
Енді Юбенктің келесі жекпе-жегі 15 қараша күні өтпек. Ол Лондонда «Тоттенхэм Хотспур» стадионында Конор Бенмен реваншқа шығады. Екеуінің алғашқы айқасы Юбенктің жеңісімен аяқталған болатын.