locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Кері қадам» – промоутер Алимханұлының допинг дауы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшының басына үлкен қиындық түсті
«Кері қадам» – промоутер Алимханұлының допинг дауы туралы күтпеген мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images

All Stars Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Зия Алиев Sports24.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында WBO және IBF чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Алимханұлының допинг-сынамасының оң нәтиже көрсеткеніне қатысты пікір білдірді.

«Менің білуімше, Жәнібекті кардтан алып тастады. Бұл әрдайым кері қадам, әсіресе Жәнібек қаншама уақыттан бері рингке оралу мүмкіндігін күтіп жүргенде. Ең алдымен, Жәнібекке қандай жаза қолданылатынын анықтау қажет, өйткені егер жазадан құтылып кетсе, Алимханұлының бағы жанған болар еді. Шеттету мерзімі жарты жылдан да көп болуы мүмкін. Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің ережелері бұл тұрғыда өте қатаң», – деді Зия Алиев.

Еске сала кетейік, 7 желтоқсанда қазақстандық боксшы Жәнібек Алимханұлы кубалық Эрисланди Лараға қарсы чемпиондық жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда беделді инсайдер Майк Коппингердің соңғы ақпаратына сәйкес, Жәнібектің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткеніне байланысты бұл кездесу өтпей қалуы мүмкін.

Бокс әлеміндегі беделді инсайдер қазақстандықтың сынамасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік үшін оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді, алайда Алимханұлының ағзасынан қандай тыйым салынған зат табылғаны әзірге белгісіз.

Енді Жәнібектің орта салмақтағы титулдық біріккен жекпе-жегі Лараға қарсы өткізілуі үлкен қауіп астында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie