locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Канастотаға тек билетпен ғана кіресің». АҚШ-та Гарсияның Головкин жайлы сөзіне жауап қатты

Гарсияның сөзіне жауап: америкалық сарапшылар Головкинді қорғап шықты
«Канастотаға тек билетпен ғана кіресің». АҚШ-та Гарсияның Головкин жайлы сөзіне жауап қатты
ФОТО: Getty images

Райан Гарсияның Геннадий Головкин жайлы айтқан «ол Халықаралық бокс даңқ залына лайық емес» деген пікірі АҚШ-та үлкен талқы туғызды. Көп ұзамай қазақстандық чемпионын беделді спорт журналистері мен сарапшылар бір ауыздан қорғап шықты. Олардың қатарында IBHOF кандидаттарына тікелей дауыс беретін мамандар да бар.

Әйгілі The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Гарсияның пікірін мүлде негізсіз деп атады:

«Егер GGG даңқ залына лайық болмаса, онда Райанның өзі де, оның замандастары да ешқашан ол жерге кіре алмайды. Бұл тақырыпты талқылаудың өзі артық – Головкин бірінші дауыс беруде-ақ енгізіледі», – деді сарапшы.

Журналист Райан О’Хара да өткір пікір білдірді.

«GGG орта салмақта үш белбеуді біріктірді. Ал Райан Гарсия үш рет допинг-тесттен өте алмады. Айырмашылықты өздеріңіз салыстырыңыздар».

Ал белгілі комментатор Стив Ким әдеттегідей ирониямен жауап қатты.

«Райан Гарсия Канастотаға тек билет сатып алып қана кіре алады».

Осылайша, Гарсияның даулы сөзі өзіне қарсы шықты. Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокс даңқ залына (IBHOF) енгізілетін үміткерлер қатарына енгені хабарланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie