locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қыдыралиев Хабаровскідегі турнирде финалға бір қадам жетпей тоқтады

Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қыдыралиев Хабаровскідегі турнирде финалға бір қадам жетпей тоқтады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық боксшы Жандос Қыдыралиев Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған беделді халықаралық турнирдегі өнерін аяқтады.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жандос жартылай финалға дейін жетті. Финалға жолдама үшін өткен кездесуде ол Өзбекстан өкілі Абдулло Мадаминовпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті Мадаминовке берді. Осылайша, Қыдыралиев турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, ширек финалда Жандос ресейлік боксшы Габил Мамедовпен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жекпе-жектен бас тартқандықтан, Қыдыралиев автоматты түрде келесі кезеңге өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie