locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкиннің бұрынғы бапкері Ахмедовке сенеді: Қарсыластарымыз бізге бейімделуі тиіс

Головкиннің бұрынғы бапкері Ахмедовке сенеді: Қарсыластарымыз бізге бейімделуі тиіс
ФОТО: IG Садриддин

Әйгілі бапкер Абель Санчес 19 сәуір күні Калифорнияда өтетін Садриддин Ахмедов пен мексикалық Элиас Эспадас арасындағы жекпе-жек алдында пікір білдіріп, қазақстандық боксшының дайындығына жоғары баға берді. Бұл айқас кештің басты оқиғасы болмақ.

«Бұл кездесу жеңіл болмайды. Эспадас - мықты қарсылас. Бірақ, Садриддин жоғары деңгейде дайындалып, оқу-жаттығу жиынын сапалы өткізді. Спаррингтерде де мықты жігіттермен жұдырықтасып, шыңдалды. Қазір ол мансабындағы ең үздік спорттық күйінде. Біз ешқашан қарсыласқа бейімделмейміз , қайта керісінше, олар бізге бейімделуі тиіс. Бұл жекпе-жек чемпиондық атаққа апарар жолдағы тағы бір маңызды қадам»,-деді Санчес.

Садриддин Ахмедовке Абель Санчесті бапкер ретінде ұсынған - Геннадий Головкиннің өзі. Қазақстандық бокс аңызы мен оның бұрынғы бапкері қайтадан бір елдің атынан шыққан талантты боксшыны бір мақсатқа жетелеуде.

Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) бірінші орта салмақта жеңіліс көрмей келе жатыр. Ол 2024 жылдың 14 желтоқсанында рингке шығып, америкалық Рафаэль Игбоквені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie