Головкин үшін бір қарсыласқа кем: аңызға айналған боксшы World Boxing президенттігіне үміткер болмайды
Головкиннің тек бір ғана қарсыласы қалды
ФОТО: Getty Images
Әлемнің бұрынғы чемпионы Владимир Кличко World Boxing ұйымының президенті лауазымына үміткер болмайтынын мәлімдеді. Аңызға айналған украиналық боксшы бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарлады.
«World Boxing-пен ақылдасқан соң, мен WB президенттігіне үміткер емеспін. Әзірге, ең болмаса», – деп жазды Кличко.
Ұйым президенттігіне үміткерлердің қатарында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар. Ол бұл спорт түрін белсенді түрде насихаттап жүр.
Осылайша, Головкиннің World Boxing президенті атану жолында жалғыз ғана бәсекелесі қалды – Грекия бокс федерациясының жетекшісі Харис Мариолис. Сайлау қараша айында өтеді.
Бұған дейін Головкинді Бокс Даңқ залына енгізуі мүмкін екені хабарланған болатын.